Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінде қолданушы жеке чатта WhatsApp-ты техникалық қолдау бөліміне хабарласа алатын функция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Портал мәліметінше, қолданушы мессенджер жұмысында ақау шыққанын байқаса, бұл туралы WhatsApp-ты техникалық қолдау бөліміне тікелей жаза алады.
Сонымен қатар, мессенджер әкімшілігімен байланысу үшін "Параметрлер" - "Көмек" - "Бізбен байланыс" мәзіріне өту керек. Өтінімді зерделеп, мессенджердің техникалық қолдау бөлімі пайдаланушымен жеке чатта байланысқа шығады. Қазір бұл функция Android және iOS үшін WhatsApp бета нұсқасында қолжетімді.
Техникалық қолдауға байланысты WhatsApp-та не дұрыс емес екенін түсіну үшін мессенджерден кейбір ақпарат беріледі. Мысалы, сіздің телефон нөміріңіз, желі туралы ақпарат (Егер сіз 3G, LTE, 5G, Wi-Fi арқылы WhatsApp-қа қосылған болсаңыз), WhatsApp нұсқасы және ОЖ.
WhatsApp-ты қолдау чаты әрқашан жасыл белгімен белгіленеді, бұл қосымшаның ресми байланыс арнасы екенін растайды.
19 қаңтар 2022 ж. 543 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930