Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салу туралы ескертеді

Полиция бағдаршамның сары түсіне өтуге тыйым салу туралы ескертеді

Фото: ©Pixabay.com
Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, көбіне жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады. Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналының шығатынын ескертеді. Мұндай бұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан астам оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді, - делінген мәліметте.
03 наурыз 2024 ж. 336 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930