Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрттің алдын алуға көмектескен оқушылар марапатталды

Өрттің алдын алуға көмектескен оқушылар марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Өрттің алдын алуда жасаған еңбегі үшін Әлімжан Қуатбаев мен Азамат Құдайбергенов оқушылары Қызылорда облысының ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталып, естелік сыйлық табысталды. Сонымен қатар өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасап, өрт сөндірушілердің тыныс-тіршілігімен танысуына мүмкіндік жасалды.

«2024 жылдың 7 ақпанында Қармақшы ауданындағы Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінің 10-сынып оқушылары Әлімжан Қуатбаев мен Азамат Құдайбергенов Төретам кентінде Гагарин көшесі бойында кешкі мезгілде тұрғын үйдің шатырынан шыққан отты байқап, дереу сол үйдің тұрғындарын ескертіп, өрт сөндіру бөліміне хабар берген. Оқушы балалар сол үйге сабаққа бірге дайындалу үшін жолдасына келе жатқан екен. Аталмыш тұрғын үйде 2 ересек адам мен 1 мектеп оқушысы болған. Оқушылардың хабарламасының нәтижесінде олар аман-есен қалды. Олар өртті көріп, өрт сөндірушілерді жедел шақырған», - делінген ТЖ департаментінің таратқан хабарламасында.

Байқоңыр қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері жедел әрекет етіп, тұрғын үйдегі өртті сөндірді.
28 ақпан 2024 ж. 238 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30