Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қазақ күресінен "Алтын белбеу" сайысы басталады

Қызылордада қазақ күресінен "Алтын белбеу" сайысы басталады

28 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған қазақ күресінен IX облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады.
Оған Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда 250-дей балуандар қатысады. Жарыс 3 кезеңнен 4 жас ерекшелігі бойынша өткізіледі. Жас ерекшеліктері бойынша 2003-2004 ж.т. кіші жасөспірімдер, 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер, 1999-2000 ж.т. жастар және ересектер арасында балуандар 32 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.
Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.
Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 12.30-да.
Барлық қала тұрғындарын жарысты тамашалауға шақырамыз.
Кіру тегін.
25 сәуір 2018 ж. 1 521 0

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 176

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031