Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі

Бала тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі

Бала тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі. Сондықтан аталған жағдайға бей-жай қарамау үнемі айтылып, күн тәртібінен түспей келеді. Ол үшін арнайы жиындар өтіп, кездесулер тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Сондай бір басқосулар бүгін 5-ші квартал аумағындағы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп, С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп, №276 орта мектеп және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жалғасын тапты.

Ұстаздар, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысқан жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов және бірқатар аудандық мәслихат депутаттары арнайы қатысты.

Кездесуде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу сынды өзекті мәселелер көтерілді. Одан бөлек, қоғамдық тәртіпті сақтау мен білім сапасын жақсарту секілді түйткілдер де талқыланды.

Ата-аналар да өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бала болашағына алаңдаушылық танытып, арнайы мәжілістер ұйымдастырылып жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып отыратын болады.

17 ақпан 2024 ж. 320 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031