12 облыста жолдар жабылды
Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"14 ақпан сағат 9:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
- Абай облысында - 1 учаске (42 шақырым)
- Ақмола облысында - 14 учаске (1226 шақырым)
- Ақтөбе облысында – 4 учаске (662 шақырым)
- Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (211 шақырым)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 шақырым)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым)
- Қарағанды облысында - 3 учаске (288 шақырым)
- Қостанай облысында - 2 учаске (52 шақырым)
- Қызылорда облысында - 3 учаске (815 шақырым)
- Павлодар облысында - 1 учаске (54 шақырым)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (98 шақырым)
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 шақырым)
"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 535 техника және 875 жолшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.