9 өңірде көлік қозғалысы шектелді
Фото: diapazon.kz
9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
Абай облысында – 1 учаске:
«Омск-Майқапшағай» – 910-1002 шақырым, Қалбатау ауылы-Көкпекті ауылы – 92 шақырым (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғақ). Шектеу көліктің барлық түріне енгізілген.
Ақмола облысында – 7 учаске:
«Астана-Петропавл» – 18-234 шақырым, Астана қаласы-Щучинск қаласы – 216 шақырым;
«Жезказған-Петропавл» – 377-440 шақырым, Қостанай облысы шекарасы-Державинск қаласы – 63 шақырым;
«Екатеринбург-Алматы» – 1003-1181 шақырым, Атбасар қаласы-Ақмешіт ауылы – 178 шақырым;
«Жезқазған-Петропавл» – 440-537 шақырым, Державинск қаласы-Бұзылық ауылы – 97 шақырым;
«Көкшетау-Атбасар» – 107-184 шақырым, Балхашино ауылы-Атбасар қаласы – 77 шақырым;
«Көкшетау-Атбасар» – 47-107 шақырым, Зеренді ауылы-Балхашино ауылы – 60 шақырым;
«Щучинск-Зеренді» – 0-77 шақырым, Щучинск қаласы-Зеренді ауылы – 77 шақырым (бұрқасын, шектеулі көрініс, жел).
Шектеу көліктің барлық түріне енгізілген.
Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске:
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов бұлақтары» – 6-166 шақырым, Ушановское ауылы-Алтай қаласы – 160 шақырым.
Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.
Жамбыл облысында – 3 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» – 159-238 шақырым, Кенен ауылы-Қайнар ауылы – 79 шақырым.
«Меркі-Бурылбайтал» – 161-273 шақырым, Бірлік ауылы-Бурылбайтал ауылы – 112 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді.
«Алматы-Ташкент-Термез» – 534-593 шақырым, Айша Бибі ауылы-Түркістан облысының шекарасы – 59 шақырым. Шектеу жүк көліктеріне енгізілді (екпінді жел, қар арлас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында – 1 учаске:
«Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым, Көктұма станциясы-Достық станциясы – 100 шақырым. Шектеу көліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел).
Қостанай облысында облысында – 2 учаске:
«Жезказған-Петропавл» – 339-377 шақырым, Арқалық қаласы-Ақмола облысының шекарасы – 38 шақырым (қар, екпінді жел, шектеулі көрініс), (Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты).
«Жезказған-Петропавл» – 252-335 шақырым, Арқалық қаласы-Ұлытау облысының шекарасы – 83 шақырым (Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты). Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске:
«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» – 213-280 шақырым, Кішкенекөл-РФ шекарасы – 67 шақырым.
«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» – 62-228 шақырым, Возвышенка ауылы-Рощинское ауылы – 166 шақырым.
«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» – 0-87 шақырым, Рощинское ауылы-Волошинка ауылы – 87 шақырым.
«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» – 0-119 шақырым, Волошинка ауылы-Тимирязево ауылы – 119 шақырым.
«Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасына дейін» – 0-32 шақырым, Тимирязево ауылы-Қостанай облысына шекарасы – 32 шақырым (бұрқасын, шектеулі көрініс). Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді.
Түркістан облысында – 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» – 593-654 шақырым, Түркістан облысының шекарасы-Жібек Жолы ауылы (Машат өткелі арқылы) – 61 шақырым.
Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді
Ұлытау облысында – 1 учаске:
«Жезқазған-Петропавл» – 137-252 шақырым, Ұлытау ауылы-Қостанай облысының шекарасы – 188 шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін енгізілді.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 297 техника және 378 адам жұмылдырылған.