Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 9 өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазақстанның 9 өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Сурет: Kazautozhol

Қазақстанның 9 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.


"11 ақпанда сағат 7:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысында – 3 учаске
  • "Самара-Шымкент" 773-855 шақырым, Бекқұл Баба - Хромтау – 82 шақырым;
  • "Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-83 шақырым, Қарабұтақ-Комсомол;
  • "Самара-Шымкент" 842-1240 шақырым, Хромтау-Қызылорда облысы шекарасы.
Алматы облысы - 1 учаске
  • "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 шақырым, Жаңақұрылыс-Жамбыл облысының шекарасы.
Атырау облысы - 1 учаске
  • "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 616-847 шақырым, Атырау-Құрманғазы.
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске
  • Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары, 6-166 шақырым, Ушановское-Алтай.
Жамбыл облысы - 1 учаске
  • "Алматы-Ташкент-Термез" 143-593 шақырым, Алматы облысы шекарасы-Түркістан облысы шекарасы.
Қостанай облысы - 1 учаске
  • "Жезқазған-Петропавл", 252-335 шақырым, Ұлытау облысы - Арқалық
Қызылорда облысы - 1 учаске
  • ⁠"Самара-Шымкент" 1240-2055 шақырым, Ақтөбе облысы шекарасы-Түркістан облысы шекарасы.
Түркістан облысы - 2 учаске
  • "Самара-Шымкент" 2055-2257 шақырым, Қызылорда облысы шекарасы-Шымкент;
  •  "Алматы-Ташкент-Термез" 593-674 шақырым, Жамбыл облысы шекарасы-Шымкент.
Ұлытау облысы - 2 учаске
  • "Жезқазған-Петропавл" 137-252 шақырым,
  • Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы.
"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 191 техника және 268 жолшы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты алыс жолдарға шықпауға кеңес бергені хабарланған болатын.
11 ақпан 2024 ж. 191 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930