Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнімен ұйықтамай фильм көрсе, ағзада не болады?

Түнімен ұйықтамай фильм көрсе, ағзада не болады?

Фото: elements.envato.com
Терапевт-дәрігер Юлия Валеева түнімен ұйықтамай қаншалық фильм қарағыңыз келсе де, ұйқы режимін сақтау маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz "Mail.ru" сілтеме жасап.

Әрине, ауыр жұмыс күнінен кейін демалып, ойыңызды бөлу үшін фильм қарау таптырмас нұсқа. Алайда кейде өзіңізді тоқтата алмай, таңертең ұйқыдан ояну қиынға соғатынын түсінсек те фильмді қарап жата береміз. Сонымен түнімен фильм қарау денсаулыққа қалай әсер етеді:

Кеш ұйықтап, ерте ояну тітіркену, шаршау, тіпті метаболизмнің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Әр гормонның түзіліп, бөлінетін өз уақыты бар, егер сіз түнімен ұйықтамасаңыз, осындай маңызды процес бұзылуы мүмкін. 
Сонымен қатар, таңғы 6-дан 8-ге дейін кортизол деңгейі жоғарылайды. Ол бізді оянып, ұйқының ашылуына дайындайды. Сондықтан сергектік пен әл-ауқат үшін таңғы 8-ге дейін оянған жөн. Тиісінше, түнгі 23 немесе 24 сағатқа дейін ұйықтаған дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар бір күн ұйықтамасаңыз, миға не болатынын анықтағаны хабарланған болатын.

Германия, Дания және Швейцария ғалымдарының халықаралық тобы 24 сағаттан артық ұйықтамаса, сау адамның миы 1-2 жасқа бірден қартаятынын анықтады. Сонымен қатар, мұндай ауыр зардаптарды болдырмау үшін бір түнде 3 сағат ұйықтау жеткілікті болады.

"Ұйықтамау адам миына бірнеше деңгейде әсер етеді. Ұйқының сапасының нашарлауы - қартаюдың жалпы белгісі. Керісінше, ұйқының бұзылуы қартаю процесін тездетуі мүмкін", - делінген зерттеу нәтижелері Neuroscience ғылыми журналында жарияланған.



13 ақпан 2024 ж. 156 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930