Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

Фото: Tengrinews.kz
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бүгінде ата-ана баласы туралы деректердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеру қажет екенін хабарлады.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы сайтында баланың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет болатын арнайы бөлім құрылады. Осының арқасында бала бағдарламаға қатысушы болды ма, көре аласыз.
Бұл ақпарат қордың веб-сайтында ақпанда балалардың шотына төлем түсе бастағанда пайда болады. Бұл қызметтер төлем жасалғаннан кейін жұмыс істей бастайды.
Ата-аналар немесе заңды өкілдер eGov.kz сайтындағы жеке кабинетінде әрбір бала туралы толық ақпаратты көре алады.

Жеке кабинетке кіргеннен кейін баланың ата-анасы "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтуі керек.

Бұл бөлімде: "Менің құжаттарым", "Отбасы" және "Басқа құжаттар" бөлімдері бар. Аударым деректерін тексеру үшін төлемдер туралы толық деректер болатын "Отбасы" бөліміне өту керек.

Фото: Tengrinews.kz
Қаржы министрлігі 2024 жылы қанша балаға білім беру немесе тұрмыс жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордан төлем алатынын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов бастаманың негізгі идеясы келешек ұрпаққа ұлттық байлықты бөлу, ал бұл ол ересек кезеңге аяқ басқанда бастапқы капитал болады деп есептейді.
"2024 жылы алдын ала есептеулер бойынша 250 мыңнан астам жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады", - деді ол.



23 қаңтар 2024 ж. 258 0

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 51

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031