Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда 18 жаңа нысан бой көтермек

Ауданда 18 жаңа нысан бой көтермек


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен Қазалы ауданының даму жоспарын қарау жөніндегі кеңесте аудан әкімі Мұхтар Оразбаев халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында биыл 18 жаңа нысанның құрылысы салынатынын айтты.
Бұл жобалар үшін 2,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 жобаға 1,2 млрд. теңге, «Моно және шағын қалаларда инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 180 млн. теңге, «Газ объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 352 млн. теңге, «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 169 млн. теңге, «Коммуналдық тұрғын үй қорынан осал топтарға тұрғын сатып алу» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 266 млн. теңге, «Мемлекеттік ғимараттарды салу» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 1,4 млн. теңге қаралды.


Аталған жобалардан бөлек, сараптаманың оң қорытындысын алған 5 жобаның құжаты дайын. Олар – Әйтеке би кентіне салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, атап айтқанда, электрмен жабдықтау, жол салу, Қ.Пірімов ауылының жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы және Ү.Түктібаев ауылын электрмен жабдықтау жобасы.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 ақпан 2024 ж. 369 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 176

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 127

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930