Қазақша түсінетін CHATGPT пайда болады
Отандық ғалымдар жасанды интеллектімен жұмыс істей бастайды. Бұл үшін қазақша түсінетін ChatGPT пайда болады. Бұл туралы Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ведомство құрамында жасанды интеллект комитеті құрылады. Әлемдік көштен қалмас үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа технологияларды енгізу қажет. Себебі жасанды интеллект саласына бүкіл алпауыт компаниялар кірісіп, қомақты инвестиция құя бастады. Мәселен, соңғы 5 жылда 27 мемлекет өздерінің ұлттық жасанды интеллект стратегияларын қабылдаған. Саясат Нұрбек, ҚР Жоғары білім және ғылым министрі: - Суперкомпьютерде жаттықтырамыз да, қазақша түсінетін өзіміздің тұңғыш ChatGPT пайда болады. Қазір бүкіл араб елдерінде өздерінің тіл модельдерін жасап жатыр. Қазір ақырындап соның негізінде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Соны жеңілдету үшін Оксфорд университеті көмектесті.