Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ғана өндірілетін ең қымбат металл туралы білесіз бе?

Қазақстанда ғана өндірілетін ең қымбат металл туралы білесіз бе?

Фото: travelask.ru
Әлемдегі ең қымбат металл саналатын осмий-187 Қазақстанда ғана өндіріледі. Бірақ оның өндірісіне қатысты мәліметтер – мемлекеттік құпия, деп хабарлайды nur.kz.

Агенттік мәліметінше, осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі. Осы 7 изотоптың ішінде осмий-187 тек біздің елде өндіріледі. Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан 200 мың долларға дейін бағаланады. Алайда Қазақстанда бұл металлдың өндірісі мемлекеттік құпия болып саналады.

"Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10-тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады", – дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері "ҚазАқпарат" тілшісіне берген жауабында.

Бір қызығы, табиғатта Осмий-187-ден тығыз зат жоқ. Сондықтан бұл элементті 9 ай бойы өндіреді. Оны ерекше дәлдікті қажет ететін өлшеуіш және медициналық аспаптарды жасауға қолданады.
05 қаңтар 2024 ж. 478 0

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031