Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке балабақша төңірегіндегі маңызды мәселелер талқыланды

Жеке балабақша төңірегіндегі маңызды мәселелер талқыланды


Елімізде Үздіксіз білім беру қауымдастығы жұмыс істейді. Қоғамдық ұйым балаларды мектепке дейінгі ұйымдардағы зорлық-зомбылықтан қорғап, балабақша тәрбиеленушілеріне жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға ұмтылады. Сондай-ақ ерекше балаларға, олардың ата-аналарына жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бүгін ауданның бас ұстазы осы қауымдастықтың Қызылорда облысындағы филиал басшысы Наталья Мишукова мен жеке балабақша қызметкерлерімен кездесті.


Бөлім басшысы жиналғандарды алдымен қауымдастықтың құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтады. Бұдан кейін жеке балабақша төңірегіндегі маңызды мәселелерге тоқталды.

— Аталған тақырыпта халық айтар сын жоқ емес. Біз тіпті күн сайын бөбектерге жасалатын игіліктің ауқымын арттырумыз керек. Сын айтылса, оны қабылдап, тез арада олқылықты қалыпқа келтірудің жолын іздеу маңызды. Онсыз дами алмаймыз.

Қазіргі таңда мектеп ішіндегі шағын орталықтардың жұмысын жеке балабақша ашу арқылы оңтайландыру күн тәртібінде тұр. Мұндай прогресс балаларымызға жасалатын жағдайды жетілдіреді. Әсіресе, мұндай нысандар ауылдық округтерде қат. Қазір аудан орталығында 11 жеке балабақша бар. Ендігі күшті ауылдарға салуымыз керек, — деді Ә. Оңдасынұлы.

Жиында қауымдастықтың Қызылорда облысындағы филиал басшысы Наталья Мишукова да өзекті жайттарды сөз қылды. Ол басқа аудандарда бала тәрбиесіне қатысты, балабақша жұмысын жүргізудегі кемшіліктерді атап өтті. Сонымен бірге аудандағы ұйымға мүше барлық жеке балабақша меңгерушілеріне ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында бөлім басшысы бірқатар балабақша қызметкерлеріне Алғыс білдіріп, Наталья Мишуковаға естелік сыйлық табыстады.
23 қараша 2023 ж. 173 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031