Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Бұл шара еліміздің 97 мың тәрбиешісін қамтиды.
Елімізде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы да 30%-ға көбейеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы да 30%-ға өседі. Бұл шара еліміздің 97 мың тәрбиешісін қамтитын болады. Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді.
Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.
Сонымен қатар Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жыл басынан бері 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал, 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр.
Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің бірыңғай базасын құруда. Бұл қызметтердің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
06 қыркүйек 2023 ж. 128 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30