Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында аудан әкімі болуға үмітті алты кандидат тіркелді

Қызылорда облысында аудан әкімі болуға үмітті алты кандидат тіркелді

2023 жылдың 5 қараша күні өтетін аудандар, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау Қызылорда өңіріндегі 7 аудан ішінен Сырдария және Шиелі аудандарында ұйымдастырылады. Бұл туралы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz
Облыстық сайлау комиссиясы сайлау күнтізбесіне сәйкес, 10 қазанда жергілікті уақыт 18.00-ден кейін кандидаттарды тіркеу аяқталғанын нақтылайды.
"Сайлау науқанына екі аудан бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3-і - саяси партиялар, 4-і - өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Ұсынылған 7 азаматтың 6-ы тіркеліп, 1-уі өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды. Орташа бәсекелестік 1 орынға 3 адамнан келді. Кандидаттардың орташа жасы 47 жас, ал ең жасы - 39 жаста, ең үлкені - 60 жаста. Үміткерлердің ішінде әйел азаматшалар жоқ", делінген хабарламада.
Сондай-ақ кандидаттардың төртеуі - мемлекеттік қызметкер, екеуі - қазіргі әкімдер.
Мамандығы бойынша төртеуі - экономист, біреуі - заңгер және біреуі - құрылысшы.
"10 қазанда жергілікті уақыт 18-00-ден кейін кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталды. Бұл ретте кандидаттардың өз сайлау қорлары болмайды. Олар арнайы белгіленген шығыстар шеңберінде жұмыс жасай алады. Кандидаттар үшін Шиелі ауданында 24 кездесу орны, 30 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды. Ал, Сырдария ауданында 15 кездесу орны, 19 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды".
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Айта кетсек, сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Шиеліде 50402, Сырдариядау 22101 сайлаушы тіркелген.
Бүгінгі күні сайлаушылар үшін "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" атты сервис жұмыс істейді. Тұрғындар saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады. Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.
13 қазан 2023 ж. 258 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 50

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 45

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031