Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артып келеді

Елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артып келеді

Осы жылдың 9 айында 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inform.kz
Министрдің дерегінше, осы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,2 пайызға өсті. Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Оның ішінде ең жоғарғы өсуді Алматы қаласы және Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 27,3 пайызға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 40,8 және электр жабдықтарын жасаудың 30,6 пайызға өсуі қамтамасыз етілді.
«Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 3,3, химия өнеркәсібі – 1,5, металл бұйымдары – 4,2, сусындар өндірісі – 3,2, пластмасса бұйымдары – 6,8, жеңіл өнеркәсібі – 14,6 пайыз. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,4 пайызға жоғарлады. Бұл ретте мұнай өндіру – 8,4, газ өндіру – 6,1, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 13,9 пайызғка өсті. Металл кендерін өндіру – 1,2, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 1,7, көмір өндіру 5,7 пайызға төмендеді», - деді ол.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6 пайызға ұлғайды. 19 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Маңғыстау, Жетісу, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды. Қаңтар-қыркүйекте 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Қызылорда және Абай облыстарында тіркелді.
«Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 9,9 пайызға төмендеді. Көрсеткіштің күрт төмендеуі ауа райының қолайсыздығына байланысты дәнді дақылдарды жинау көлемінің азаюынан орын алды. Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу 5 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды», - деді министр.
10 қазан 2023 ж. 79 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031