Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде коронавирустың Омикрон штамы мен оның бірнеше түрі тарап жатыр – Бас санитар дәрігер

Елімізде коронавирустың Омикрон штамы мен оның бірнеше түрі тарап жатыр – Бас санитар дәрігер

Елімізде коронавирус дертін жұқтырған адамдар саны өсіп жатыр, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Дегенмен Бас санитар қазір Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін жеткізді.
Биыл тамыз айында коронавирус жұқтырған 300-ден аса адам тіркелсе, ал қыркүйекте 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. Дегенмен, бұл жағдай өткен жылмен салыстыруға келмейді. Себебі, былтыр осы кезеңде коронасирус жұқтырғандардың саны 411 мыңға жеткен, - деді Айжан Есмағамбетова.
Бас санитар коронавирустың жаңа Эрис штамының таралуы 25% болғанын айтты.
Бүгінде (жаңа штамм жұқтырып – авт.) ауруханаға түсу, қайтыс болу деректері тіркелмеді. Жалпы жағдай тұрақты.
Қыркүйектегі жағдайға тоқталайын. Елімізде әлі Омикрон штамы мен оның бірнеше түрі (100%) тарап жатыр, коронавирустың жаңа Эрис штамының тарауы – 25%, - деді Бас санитар.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 23 адам ауруханада емделіп жатыр.
Біз ауруханаға жатқызылғандар мен аурудан қайтыс болғандар санының артқанын көрмедік. Қазақстан бойынша «коронавирус жұқтырды» деген диагнозбен 23 адам ауруханада емделіп жатыр. Жағдайы ауыр – өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ, - деді Айжан Есмағамбетова.
09 қазан 2023 ж. 237 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031