Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп психологтарын артық жұмысқа жегуге тыйым салынды

Мектеп психологтарын артық жұмысқа жегуге тыйым салынды

Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды baq.kz
Астана қаласында психолог мамандардың жетіспеушілігі бар. Қазір мектеп басшыларының алдына талап қойып отырмыз. Яғни психологтарды өздеріне тиісті емес жұмыстармен жүктемеуге тыйым салып жатырмыз. Тыйым салынды. Қазір психологтар тек балаларға көмек көрсету және балалардың психологиялық жағдайын зерттеу жұмыстарымен ғана айналысады, - деді ол.
Қазіргі таңда бір мектепте, соның ішінде үшауысымды мектептерде 3-4 психологтан бар. Ол жерде бір психологқа 700-800 баладан келеді.
Ал қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептерде 2 психологтан жұмыс істейді. Оған қоса, сынып жетекшілерінің рөлін де қарастырып жатырмыз. Оларға әдістемелік орталық әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Бұған дейін айтылған психологиялық қолдау орталықтарының 5 филиалы сынып жетекшілерімен де жұмыс істейді. Балаға негізгі психологиялық көмекті психологтан басқа, екінші анасы есептелетін мектептегі сынып жетекшілері де көрсетеді, - деп түсіндірді Сенғазыев брифингте.
28 қыркүйек 2023 ж. 193 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930