Биыл елімізде жылыту кезеңі 1 қазанда басталады

Биыл 1 қазанда республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өрттің болуы 6,8 пайызға және адамдардың қаза болуы 6,5 пайызға көбейген, - деді ол.
Марғұлан Топашұлының айтуынша, өңірлердегі өрттің болуы Абай облысында 46 пайызға, Алматы облысында 33, Қостанай облысында 26, Жамбыл облысында 20 пайызға артқан.
Өкінішке қарай, бүгінде тұрғын үй секторларында жарақат алу фактілері тіркелген. Семей қаласында тек қыркүйектің 9-19-ы аралығында отынмен жылытатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан 4 адамның уланып, ауруханаға жатқызылғаны туралы 2 факт тіркелді, - деді орынбасар.
Азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды түсіндіру әдістерінің бірі – алдын алу жұмыстары. Министрліктің бөлімшелері жыл бойы республика бойынша кең ауқымды үгіт-насихат іс-шараларын өткізеді.
Өткен жылдардағы тәжірибеден жылыту кезеңі басталғанға дейін республикалық өрт қауіпсіздігі акциялары өткізілуде. Азаматтарға жылыту жүйесі мен пештердің құрылысын қалай әрі қай уақытта жөндеу керектігі түсіндіріліп көрсетілуде. Мұндай жұмыс азаматтар мен олардың туыстарын қорғауға мүмкіндік береді, - деді Марғұлан Аманбаев.