Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қанша жанармай қоры бар – вице-министрдің жауабы

Қазақстанда қанша жанармай қоры бар – вице-министрдің жауабы

Еліміздегі АИ-92 маркалы бензиннің қазіргі қоры бір айдан астам уақытқа жетеді. Ал дизельдің қоры 36 күнге, АИ-95 маркалы бензин қоры 24 күнге жетеді.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды inform.kz
«Біздің есептегі деректер бойынша және жинақталған қор мен қазан айындағы жөндеу маусымы келе жатқанын ескеріп айтсақ, Қазақстан бұл кезеңді қандай да бір тосын оқиғасыз өткізеді деп отырмыз. Бензин болады», - деді ол.
Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, елде екі айға жететін әуе жанармайының қоры бар.
«Жанармай қоры туралы айтсақ, бензин жеткілікті. Әуе отыны шамамен екі айға, АИ-92 маркалы бензин бір айдан астам уақытқа, дизель 36 күнге, АИ-95 маркалы бензин, қателеспесем, 24 күнге жету керек», - деді вице-министр.
25 қыркүйек 2023 ж. 175 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031