Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бензин мен дизель отынның 2 аптаға жететін қоры қалды

Қазақстанда бензин мен дизель отынның 2 аптаға жететін қоры қалды

Қазақстанда бензин мен дизельдік отынның 2 аптаға ғана жететін қоры қалды.
Бұл жөнінде энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Ведомство жетекшісінің ақпаратына сай АИ-92 маркалы бензиннің қазір 180 мың тоннасы бар. Ал дизель болса 220,8 мың тонна қалыпты. Қазір бензин бойынша жанар-жағармай бекеттерінде ахуал тұрақты. Ал дизельдік отынның жағдайы қиындау болып тұр. Қазір бірқатар бекеттерде сату бойынша шектеулер қойылған. Мұнай өңдеу зауыттары отынды қажетті мөлшерде өндірсе де, логистика жағынан қиындықтар туындап отыр - дейді, министр. Яғни, цистерна-вагондар діттеген жерлеріне уақытында жете алмауда. Сондықтан барлық логистикалық тізбектердің жөнді әрі үйлесімді жұмыс істеу қажет екендігін айтуда. Осы ретте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақстан темір жолы" компаниялары мен жауапты мемлекеттік орган басшыларына жағдайды қалыпқа келтіруді жүктеді
23 тамыз 2022 ж. 534 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031