Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы шипажайларға келетін туристер көбейген

Қазақстандағы шипажайларға келетін туристер көбейген

Соңғы жылдары ішкі және шетелдік туристер арасында сауықтыру туризмінің танымалдылығы артып келеді, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздегі қолайлы климаттық жағдай, күн сәулесі, бірегей минералды қайнар көздері мен емдік балшық орындары емдеу-сауықтыру нысандарының дамуына септігін тигізуде.
Мысалы, оңтүстіктегі Сарыағаш шипажайлары қабыну процесін емдеуге көмектесетін және адам ағзасының жалпы жағдайына оң әсер ететін, сондай-ақ ұзақ мерзімді аурудан кейін иммунитетті қалпына келтіруге көмектесетін минералды қайнар көздерімен танымал. Айта кету керек, Сарыағаштың Көктерек кенті еліміздегі шипайжайлардың ең көп шоғырланған орны.
Шығыстағы Қатон-Қарағай термалды радон қайнарлары емдік қасиеттері бойынша халықаралық бәсекелестерінен кем түспейді және әртүрлі эндокриндік ауруларды емдеуге көмектеседі. Аталған өңірдің табиғаты жазда да, қыста да бірдей әдемі. Бұл жергілікті шипажай - курортты аймақтарға жылдың кез келген уақытында демалуға мүмкіндік береді.
Ал, еліміздің батысындағы шипажайлар буын, жүйке жүйесін, гинекологиялық және урологиялық патологияларды, сондай-ақ тері ауруларын емдеуге және алдын алуға бағытталған. Бурабай және Қостанай қарағайлы ормандарының экологиялық таза ауасы, емдік балшығы, әдемі таулы ландшафт және бірегей табиғи көрікті жерлер денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін тағы бір сұранысқа ие шипажай-курортты аймаққа айналдырды.
Қазақстан сауықтыру туризмін дамыту үшін түрлі туристік-рекреациялы ресурстарға ие. Шипажай-курортты кешендердің көпшілігі жыл бойы жұмыс істейді. Бұл маусымнан тыс уақытта бағаны төмендетуге мүмкіндік береді, сол арқылы демалыс пен емдеуді одан әрі қолжетімді етеді. Кейбір пансионаттар атпен серуендеу, тарихи және табиғи көрікті жерлерге экскурсиялар жүргізу, әртүрлі спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. бірқатар қосымша қызметтерді де ұсынады, - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
18 қыркүйек 2023 ж. 150 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930