Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтандыру саласындағы өзгерістер

Сақтандыру саласындағы өзгерістер

Елімізде алғаш рет сақтандыру форумы өткізілді. Форум «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның 20 жылдығына арналған. Форумға 11 сақтандыру төлемдеріне кепілдік берудің халықаралық жүйесінің (Канада, Германия, Испания, Малайзия, Тайвань, Индонезия, Кения, Сингапур, Армения, Румыния, Эстония) өкілдері, халықаралық сарапшылар және сақтандыру нарығының өкілдері қатысты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова форум кепілдік беру және тұтастай ал­ғанда сақтандыруды дамы­ту мәселелері бойынша тә­­жірибе алмасуға бірегей мүм­кіндік бергенін атап өтті. «Мұн­дай ха­лықаралық дең­гей­­дегі іс-ша­раны өткізу сақ­тан­дыру ар­қы­лы қорғау және сақ­­тандыру бизнесіне деген се­нім­ді­лікті арттыру мәсе­ле­лерінің өзек­ті­лі­гін көр­се­те­ді», деп атап өтті Агенттік Төрағасы.
Қаржы реттеушісінің басшысы форум қатысушыларымен отандық сақтандыру на­ры­ғы­ның кейбір жетістік­те­рімен бө­лісті.
«2022 жылы Сақтандыру нарығын дамыту мәселелері жө­ніндегі заң қабылданды. Онда сектор үшін маңызды жаңа­лықтар көзделген. Жаңа әлеуметтік тұрғыдан бағдар­ланған өнімдер енгізіл­ді, сақ­тандыру саласын одан әрі цифр­ландыру үшін құқық­тық база құрылды. Сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұ­ты­­нушылардың құқықтарын қорғау жүйесі және көп дәреже­де сақ­тандыру төлемдеріне ке­піл­­дік беру жүйесі реформаланды», деді М.Әбілқасымова.
Сақтандыру нарығын дамыту мәселелері жөніндегі заң­­мен қорға қаржы ұйымы мәр­­­тебесі берілді және оның мәж­­­бүрлеп таратылатын­ сақ­­­тандыру ұйымдары клиент­те­рінің құқықтарын қор­­ғауды қамтамасыз етудегі рө­лі тұжырымдамалық түрде қай­­та қаралды.
Заңмен қор кепілдіктері сақтандырудың 10 сыныбына, оның ішінде барлық міндетті сақтандыру сыныбына (8), мемлекеттік білім беру жинақ­тау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға және зейнетақы аннуитет­тік сақтан­дыруға қол­да­нылады.
Толық кепілдік беру жүйе­сіне көшу тетігі құрылды. Бұл қор­дың уәкілетті органы сақ­тан­дыру ұйымын лицензия­сынан айырған сәттен бастап ке­пілдік төлемдерін жүзеге асы­руын көздейді. Тараты­латын сақтандыру ұйымының сақтан­ды­рудың кепілдік берілген сыныптары бойынша сақтандыру портфелі қордың кепілдік беру резервтері есебінен жаңа сақ­тан­дырушыға беріледі.
«Жинақталған кепілдендіру резервтерін есептегенде, қор­дың кепілдік берілген төлемдер бойынша табысты тәжіри­бесі агенттікке ең үздік халық­ара­лық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның кепілдік беру жүйесін жетіл­діруге мүмкіндік берді», деді М.Әбілқасымова.
Агенттік төрағасы мұндай маңызды іс-шараны өткізу болашақта халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін және Қазақстанның сақ­тандыру нарығын дамы­тудың жаңа бағытын беретін жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналуы мүмкін екенін атап өтті.
18 қыркүйек 2023 ж. 159 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031