Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рейстер арасында дем алу үшін әуежайда ұйқы капсулалары қойылды

Рейстер арасында дем алу үшін әуежайда ұйқы капсулалары қойылды

Варшавадағы Шопен атындағы әуежайда рейстер арасында ұйқысы келген жолаушылар арнайы капсулаларда көз шырымын ала алады. Сонымен қоса, әуежайдағы жүкті тексеру кезінде салонға алуға болмайтын заттарды жолаушылар InPost Paczkomat құрылғысы арқылы поштамен жөнелте алатын болды, - деп хабарлайды tengritravel.kz Schengenvisainfo басылымына сілтеме жасап.
Капсулалар рейс арасында үзілісі ұзақ жолаушылардың қамы үшін жасалған, өйткені кейде туристер әуежайда қонатын кездер болады.
Варшава әуежайнының баспасөз хатшысы Анна Дермонт ұйықтауға арналған капсулалардың қойылуы - саяхат жайлылыған арттырудың тағы бір қадамы екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл жағдай терминалдан шыға алмай қалып, қонақүйге баруға мүмкіндігі болмаған жолаушылардың сұранысына тура жауап екен. Оның үстіне бұл капсулалар Еуроодақ елдеріне сырттан келген транзитті туристердің де сұранысын қанағаттандыра алу үшін шенген аумағына кірмейтін жерге қойылған екен.
Тағы бір қолайлы жаңашылдық - Paczkomat құрылғысы, ол қол жүгі тексерістен өтпей қалған жолаушыларға арналған. Құрылғы жүкті бақылау аумағындағы Fast Track дәлізінде орналастырылған. Сөмкесіне білместіктен иіс су немесе бәкі салып қойған турист енді оларды тастауға мәжбүр емес. Жолаушы ондай заттарды керек мекенжайға Paczkomat құрылғысы арқылы жөнелте алады.
"Жолдаманы әуежайдағы бақылау орынынан жөнелте алу - Польшада ғана емес, бүкіл Еуропадағы осындай мәселені шешудің алғашқы шешімі. Біз осылай көптеген жолаушымыздың сенімін ақтаймыз", - дейді Дермонт.
07 қыркүйек 2023 ж. 206 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30