Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп автомобиль шығарады

Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп автомобиль шығарады

Тұрмыстық техника мен лифт жасау жобалары да бар
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Өзбекстанмен бірлескен жобалар жайлы айтты, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Жоспарланған жобалардың ішінде Ресей, Қытай, Өзбекстандағы серіктестермен іске асыратын біріккен жобалар да бар.Мәселен, Өзбекстанмен бірлесе отырып, автомобиль өндірісі ұйымдастырылды (Chevrolet ONIX), сондай-ақ, тұрмыстық техника мен лифт жасау бойынша да жобалар іске асырылуда.Ресейлік серіктестермен алюминийден жасалған дисктер, сондай-ақ, теміржол машина жасау секторына арналған құрамдауыш бөлшектер өндірісін ұлғайтамыз. Қытайлық инвесторлар бұрғылау қондырғыларының және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамытуға қолдау көрсететін болады (LOVOL)», - деді Марат Қарабаев.
Ол атағандай, теміржол машиналарын жасауды дамыту нарықты локомотивтермен, жүк және жолаушылар вагондарымен толықтыру міндеттерін шешуге бағытталады.
«Бұл Швейцария (Stadler), АҚШ (Wabtec) және Франция (Alstom) инвесторларымен бірлесе жүзеге асады.Мысалы, Stadler 2030 жылға дейін арба, вагонның дәнекерленген шанағы, климаттық қондырғы сияқты отандық компоненттерді пайдалана отырып, жаңа заманауи жолаушылар вагондарының 500 бірлігін, сондай-ақ интерьер, экстерьер, электр жабдықтарының 20 элементін шығарады», - деді министр.
01 тамыз 2023 ж. 268 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 74

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930