Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыру көлемі артады

Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыру көлемі артады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, "Қазэнергокабель" АҚ бас директоры Владимир Бобров және "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ президенті Марат Тілеубаев баяндама жасады. Машина жасау саласында 3 мыңға жуық кәсіпорын бар, 115 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде (16,8 трлн теңге) машина жасауға 14%-ы тиесілі. Саланың ең ірі секторларының бірі — автомобиль жасау – 33,1%. Алдағы жылдары елімізде құрастырылатын автомобильдердің модельдік қатарын кеңейту, сондай-ақ автокомпоненттер (бамперлер, орындықтар, автомобиль шынысы, пластиктен жасалған бөлшектер, шиналар, т. б) өндірісін ретке келтіру жоспарланып отыр. Кеңес барысында саланың өзекті мәселелері де қаралды. Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанда т/ж және электротехникалық машина жасау салаларында аккредиттелген зертханалар жоқ, сонымен қатар кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша ұлттық стандартты әзірлеу қажет. Бұған қоса, ауыл шаруашылығы техникасын шығару саласында өндірістің толық тізбегін құру үшін кәсіпорындар арасындағы кооперацияны реттеген жөн, ал жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процесі бойынша ел ішіндегі құндылығын арттыру үшін шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар саланың импортты алмастыру есебінен айтарлықтай өсуге әлеуеті бар екені атап өтілді, сол себепті тиісті бағдарлама шеңберінде 20-дан астам жобаны іске асыру көзделген. Машина жасауды дамытудың қосымша шаралары ретінде базалық өндірістер құру (болат импортын азайту) және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыруды кеңейту жоспарланып отыр. ҚР Премьер-Министрі қысқа мерзімде әрбір мәселе бойынша қажетті шараларды дайындау үшін барлық айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. "Машина жасау саласы – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторы. Импортты алмастыру, әсіресе, аймақтық нарықтарға экспортты кеңейтуде орасан зор әлеует бар. Осы орайда біз аталған саланың серпінді дамуына жағдай жасап, қажетті қолдау шараларын іске асыруға тиіспіз", — деді Әлихан Смайылов.
29 сәуір 2022 ж. 415 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930