Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тау-кен салығының мөлшері өзгерді

Қазақстанда тау-кен салығының мөлшері өзгерді

1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына енген түзетулерге сәйкес қатты пайдалы қазбаларға салынатын салық мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды inform.kz
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биржалық металдар бойынша салық 50%-ға (алтын, күміс, алюминий, мыс, мырыш, уран); биржадан тыс жекелеген металдар бойынша (темір/темір рудасы, хром және хром рудасы, марганец және темір-марганец рудасы, платина, ванадий, висмут, мышьяк, вольфрам, палладий, қалайы, никель, титан, магний, кобальт, сурьма) 30%-ға өскен.
«Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қантардағы тау-кен секторының жаңа кен орындарын барлау және игеру үшін қосымша жеңілдіктерді пысықтау қажеттігі туралы тапсырмасы аясында Салық кодексінің 746-бабының 3-тармағында көзделген шарттарды бір мезгілде сақтай отырып, өнеркәсіптік өндіру басталған сәттен бастап алпыс ай ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану көзделген. Егер тау-кен секторының кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобына, кен орнының бір бөлігіне) рентабельділік деңгейі 5 пайыз және одан аз болса, ҚР Үкіметі айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келсе, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен Салық кодексінде белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларын қолдану құқығы берілді», - деп жазды ведомстводан.
Салық кодексінің 745-бабы 6-тармағына минералдық шикізатты сату толық болмаған кезде кен орнында есептен шығарылған қорлар құрамынан алынатындарын (ысыраптарды қайтару) қоспағанда, пайдалы қазбалары бар минералдық шикізаттың құнын айқындау мақсатында өзгерістер енгізілді.



10 шілде 2023 ж. 235 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031