Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорда әлемдегі ең интеллектуалды 21 шаһардың қатарында

Елорда әлемдегі ең интеллектуалды 21 шаһардың қатарында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумы өтті, деп хабарлайды el.kz ақпараттық агенттігі.
«Intelligent Community Forum беделді халықаралық ұйымының мәліметі бойынша елорда әлемдегі ең интеллектуалды қоғамдастықтың бірі ретінде озық 21 шаһардың қатарына енді. Сонымен қатар қаламызда Орталық Азиядағы ең ірі Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі құрылды, - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл технопарк тек еліміздің ғана емес, бүкіл аймақтың цифрлық трансформациясына елеулі үлес қосады.
Мен экология саласына әрдайым айрықша көңіл бөлемін. Аталған мәселеде азаматтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы шешуші мәнге ие. Ірі қалалардағы көшелердің қоқыстан таза болуы тұрғындардың азаматтық сана-сезімі жоғары екенін анық көрсетеді. Жауапты қала тұрғыны дегеніміз – бұл, ең алдымен, өз қаласының және елінің тағдырына бей-жай қарамайтын адам, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
05 шілде 2023 ж. 277 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930