Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 жасар бала Астана үшін 20 идея ұсынды

8 жасар бала Астана үшін 20 идея ұсынды

8 жасар бала Елорда үшін 20 жаңа идея ұсынды. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елорда тұрғындары арасында «Астананың 20 қыры» атты конкурс өткіздік. Оған 3 мыңнан астам адам қатысты. Бүгін Амфитеатрда жеңімпаздар марапатталады», - деп жазды Астана әкімі өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Салтанатты марапаттау рәсімі мына номинациялар бойынша жүргізіледі: «Спорттан да артық!», «Елорданың үздік селфиі», «Астанаға арнау», «Астана бояулары», «Елордадағы танымал нысандардың алдында сәнді үлгідегі үздік streetstyle сурет», «Елордаға үздік сыйлық», «Welcome to Astana», «Astana Public Art», «Елорда бейнелері», «Тәтті Астана», «Астананы жақсарта түс!».
Марапаттау рәсімінен кейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша қалалық «идеялар банкі» байқауға қатысушылар енгізген жаңа ұсыныстар мен идеялармен толықты: «Astana Public Art», «Астананы жақсарта түс!» Елорданың мерейтойына 8 жасар конкурсқа қатысушы 20 идея ұсынды!
Бұдан бөлек, конкурсқа қатысқан барлық суреттерден ломоқабырға жасалды. Сондай-ақ, қала фотографтары елордаға арнайы сыйлық ретінде Астананың жаңа көріністерінен фотокітап тарту етті. Әкімдіктің сайтында хабарланғандай, бұл конкурс елорда тарихындағы ең ірі және ауқымды шығармашылық жарыс болып отыр. Астананы тек қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлері, тіпті әлемдегі басқа елдер де құттықтаған. Сараптама комиссиясына 3000 өтініш түскен. Көпшіліктің сұрауымен, бірқатар номинацияларға жұмыстарды қабылдау мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды.
09 шілде 2018 ж. 1 354 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 10

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 11

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 21

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 18

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 25

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031