Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесі басталды

Қытайда «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесі басталды

Қытай тұрғындары Ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күніне түсетін «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесін атап өтуде. Осыған байланысты 22-24 маусым мереке күндері Қытайдың ондаған миллион азаматы ел бойынша туристік сапарларға аттанады, деп хабарлайды inform.kz.
Қытай туризм академиясының бағалауынша, «Дуаньу» мерекесі кезінде 100 млн сапар жасалады, ал туристік шығын 37 млрд юаньді (шамамен 5 5,2 млрд доллар) құрайды. Танымал туристік бағыттар - Бейжің, Шанхай, Ханчжоу, Чэнду, Циндао және басқалары.
«Қытай темір жолдары» корпорациясының болжамынша, осы мереке күндері елдің темір жолдарымен 71 млн-ға жуық жолаушы сапарлайды. Жолаушылар ағыны әсіресе бейсенбі күні көп болмақ - бұл күні Қытайдың темір жолдарымен шамамен 16 млн жолаушы тасымалданады.
Дәстүр бойынша, «Дуаньу» мерекесі кезінде адамдар айдаһар қайықтарымен жарысады және бамбук жапырақтарына оралған және пішіні үшбұрышқа ұқсас әр түрлі салмасы бар жабысқақ күріштен жасалған тәттілер - «цзунцзы» әзірлейді.
Үш күн бойы Қытай қалалары мен кенттерінде түрлі шаралар, халық ойындары мен жәрмеңкелер өтеді.
22 маусым 2023 ж. 489 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031