Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтарымсыз грантты кімдер алып жатыр ?

Қайтарымсыз грантты кімдер алып жатыр ?

Жыл өткен сайын «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша грант беру талаптары өзгеріп келеді. Алғашында бұл бағдарлама жастарды қамтыса, қазір атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар бағын сынап көре алады. Сонымен кәсіп істеуге деген талабы бар атажұртқа қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдар және оның жұбайы грантқа құжат тапсыра алады.
505 мың теңгеден басталған гранттың бірнеше жыл бұрынғы азаматтарды жұмыспен қамту және шағын бизнесті дамыту туралы мақсаты әлі де өзекті. Дегенмен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды мәселесі биыл күн тәртібінің басына қойылған. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Алтынбек Төреханов айтып берді.
– Аталған бағдарлама биыл әлеуметтік осал топтағы адамдардың әлеуетін арттыруға бағытталып отыр. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант биыл 138 адамға бөлініп отыр. Әр азамат 1380000 теңгеден алатынын ескерсек, 190 миллион теңгеден астам қаржы кәсібін дөңгелетемін деген жандарға беріледі. Бүгінгі күнге дейін 24 адам мемлекеттік грант алып, кәсіптерін ашты. Оның ішінде, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар 4, 15 көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылған 2 азамат, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 3 адам мемлекет қолдауын алды.
2023 жылдың 1 маусымына «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде 586 адам онлайн оқуға өтініш беріп, 572 адам онлайн оқуын аяқтады, – дейді ол.
Айта кетейік, гранттар бір рет және нақты нысаналы мақсат бойынша беріледі. Атап айсақ, аталған қаржыға қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, мал, құс, бұталар, тұқымдарды, көшеттерді сатып алуға болады. Сонымен бірге коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға грант ақшасын жұмсаса мақұл.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейтіні еске салайық.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
10 маусым 2023 ж. 359 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930