Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 22 мамырдағы ауа райына болжам жасады
Қазгидромет синоптиктері 22 мамыр, дүйсенбі күні бірқатар өңірде күн бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Қазгидромет синоптиктері 22 мамыр, дүйсенбі күні бірқатар өңірде күн бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15-20, Алакөл маңында - 25 м/с.
Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 18 м/с жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында желдің күші - 15-20 м/с.
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында - найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыс желінің қарқыны найзағай кезінде 17-22 м/с жетеді, кей уақытта - 25 м/с.
Алматы қаласында күн күркірейді. Найзағай кезінде солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы - 17 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жел қарқыны - 23 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде - найзағай, шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел қарқыны -15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.