Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық салмағы бар адамдарды "ұнатпайтын" бес ел

Артық салмағы бар адамдарды "ұнатпайтын" бес ел

Артық салмақ қазіргі таңдағы ең басты қиындықтардың бірі. Осыған байланысты кей елдерде адамдардың толықтығымен күресетін мемлекеттік саясаты тым қатал келетін елдер бар, - деп хабарлайды tengritravel.kz Туристас басылымының зерттеуіне сілтеме жасап.
Жаңа Зеландия
Бұл ел азаматтарының көпшілігі артық салмақтан зардап шегеді. Міне осы мәселе ел билігін қатаң шаралар қабылдауға итермеледі. Мәселен осы ел азаматтығын алғысы келген шетелдіктер масса индексіне сәйкес келу керек. Олай болмаған жағдайда үміткерлерге виза берілмейді. Алайда бұл туристерге қатысты емес.
Жапония
2008 жылдан бері Жапонияда ерлер мен әйелдерге мықын кеңдігін шектейтін заң қабылданды. Ерлер үшін ол 90 сантиметр, ал бұрымдылар үшін - 80. Азаматтар жылда осы өлшемді жүргізу керек, одан асып кеткен жағдайда диеотологқа баруы тиіс. Сонымен қоса, ол заң бойынша айыппұл да қарастырылған екен, алайда ісі жүзінде олай әлі ешкім жазаланбаған көрінеді.
Мексика
Мексикада дұрыс тамақтану маңызы туралы мектептен бастап айылады. Тіпті бұл елде бургер немесе фри картобының бағасы қымбат та, жеміс, көкөніс пен өзге де пайдалы азық-түлік айтарлықтай арзан.
Сонымен қоса, елдегі артық салмағы бар адамдар спортпен айналысып, диетологқа қаралуға міндеттеледі.
Бірікке Араб Әмірліктері
БАӘ билігі салауатты өмір салтын дәріптеу үшін ең тартымды әдіс ойлап тапқан болар. Елде артық салмағы бар адамдар үшін арнайы байқау өткізіледі, онда тастаған әрбір келі артық салмақ үшін 2 грамм алтын беріледі екен. Мәселен Gov Games мемлекеттік ойынында артық салмақтан арылған әйелдер 2 миллион дирхамды (шамаман 245 млн теңгедей) өзара бөлісіп алған.
Финляндия
Бұл елде артық салмақпен күресудің ешқандай қатал түрі жоқ, керісінше, Финляндияда дене бұлшықеттерін тонуста ұстайтын "скандинав жүрісі" кең танымал. Сонымен бірге, экологиялық таза әрі пайдалы өнім өсіретін фермерлік шарушалықтар өте көп. Үкімет тарапынан оларға қолдау бар.
17 мамыр 2023 ж. 313 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930