Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік жүреді: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Үсік жүреді: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 15-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түсіп, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
15 мамыр 2023 ж. 348 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031