Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Сәрсенбінің сәтті күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясымен басталды. Теледидар алдында отырып тамашалаған барша ел тұрғындарын Президенттің сессия ашылуында көтерген мәселелері дән риза етті.
Әсіресе, адам құқығын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру жайлы айтқан сүбелі сөздері халық сенімін ие болды.
– Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажет. Өмірдің барлық салаларында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміздің қарқынды ілгерілеуінің іргетасы болуға тиіс. Әрбір азаматтың өз құқыған қорғауға сенімді болуы, соттардың әділдігіне күмән келтірмеуі маңызды. Мұнда кәсібилігі жоғары және ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында.
Екінші жағынан, Президенттің айтуынша, барлық азаматтар сотта өз құқығын қорғау үшін сапалы заң қызметтеріне бірдей қол жеткізуі керек. Осы мақсатта мемлекет әлеуметтік осал топтағы зардап шеккендерге заң көмегіне кепілдік береді.
– Сондай-ақ, адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуге тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуына жете маңыз беріліп келеді және әлі де нығая түсетініне сенімдімін.

Кемал КӨПЖАСАР,
Журеалистер Одағының мүшесі

29 наурыз 2023 ж. 336 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031