Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметке шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарға тұрғын үйді арзандату тапсырылды

Үкіметке шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарға тұрғын үйді арзандату тапсырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Үкіметке шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарға тұрғын үйді арзандату туралы тапсырма берді, деп хабарлайды inform.kz.
«Саладағы саясатты жүйелейтін және түбегейлі жақсартатын қала құрылысы кодексінің маңызы зор. Үкімет шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарымыз үшін тұрғын үйді арзандату мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс.
Сондай-ақ, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға және құруға назар аудару қажет. Менің ойымша, бұл маңызды стратегиялық міндет. Бізде 65 шекара маңы бар, өкінішке орай, олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен деңгейде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, кейде бұл жайт экономикалық факторларға тиімсіз әкімшілік-аумақтық бөліністерден туындап жатыр.
«Бұл аудандардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі нақты шараларды көздеу қажет.
Басты мақсат-халықтың кетуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру», - деді Президент
Айта кетейік, елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.
29 наурыз 2023 ж. 210 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930