Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жұбайлар таңдау жасады

Жас жұбайлар таңдау жасады

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс беру жалғасуда. Сайлау күні отбасын құрып жатқан жас жұбайлар да азаматтық міндетін орындау мақсатында №62 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Олжас Дәулетияров пен Сая Байсалбаева үшін бұл саяси науқанның маңызы зор. Олжас отбасылық өмірдегі алғашқы әрі жауапты қадамдары сайлауда дауыс беру болғандықтан, қобалжулы екендігін жасырмады. Алайда, дұрыс таңдау жасағанына сенімді.
—Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымды реформалар жүзеге асып жатыр. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауына дауыс беріп жатыр. Осындай маңызды күнде біз де сайлаудан шет қалмай өзіміз сенім артқан үміткерге дауыс бердік, — дейді ол.
№62 сайлау учаскесінің төрағасы Ерік Өмірзақ сайлауға бірге келген жас отбасыға ізгі тілегін білдіріп, маңызды қадам жасап, дауыс бергені үшін кішігірім сыйлық табыстауды да үмытпады.
—Әр азамат осылай ел болашағына бей-жай қарамай, жауапкершілік танытса, мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан болар еді, - дейді сайлау комиссиясының төрағасы Ерік Дәкенұлы.
#сайлау
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
19 наурыз 2023 ж. 438 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930