Қазақстанда әлеуметтік көмек алатын азаматтар санаты кеңейеді

Атап айтқанда, мемлекет білім алу кезеңінде шығыстарды ішінара өтейтіні жөніндегі тармақ толықтырылды.
Олардың қатарына:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар енді.
Бұдан бөлек бұл тізімге енеді:
көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жүрген балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда ұзақ уақыт оқитын балалар;
"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер;
білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер;
Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтар.
Құжат 28 наурызға талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.