Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада темір-бетон бұйымдарына сұраныс жоғары

Қызылордада темір-бетон бұйымдарына сұраныс жоғары

Құрылыс саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады.
АIaqeum eIeсtriс» компаниясының еншілес серіктестігі «КСМ КZ-2022» ЖШС – өңірдегі іргелі кәсіпорынның бірі. Толыққанды заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген, өндіріс қуаты артып, құрылыс саласына қажетті өнімдер өндіруде.
Қазір электp бағандары мен электр тасымалдаy құрылымдарына қажет темiр-бетон бұйымдарын шығарып жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік плиталарды шығаруды да алғаш болып қолға алды.
Серіктестiк материалдарына сұраныс жоғары. Зауыттың өндiрiстік-техникалық бөлiм басшысы Аманбай Жұмабековтың айтуынша, өндірiсте 200-ге жуық адам жұмыс iстейді. Мұнда ерлермен қатар әйелдер де еңбек етедi. Кран айдайтындар да, технологтар да – солар. Ісiне жауапкершілікпен қарайды.
«Бізде біраз адам зейнет жасына жетсе де, жұмыс істеп жатыр. Өйткені, кадр тапшылығы бар. Электр дәнекерлеушi, электрик, краншылар керек», – дейді бөлім басшысы.
Өндірілетін өнімдер қатарында көп бөлімді жабын және таспалық фундамент тақталары, қабырға блоктары, темір-бетонды маңдайшалар, дөңгелек темір-бетон шеңберлері, су жүретін трубалар, жол тақталар, жылу жүретін трассалардың лотоктары, резервуар қабырғасының тақталары, жол жиегіндегі тас тақталар секілді өнімдер бар.
«Жылдан жылға өнім түрі көбейіп, нарықтың сұранысына сай жұмыс жасалуда. Осыдан бірнеше жыл бұрын электр бағаналары мен электр тасымалдау құрылымдарына қажетті темір-бетон бұйымдарын шығаруды облыста алғашқы болып қолға алғанбыз. Енді, міне көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік плиталарды шығаруды да біздің зауыт бірінші болып өндіріске енгізді. Айта кету керек, зауыттың материалдық-техникалық базасы да жыл өткен сайын жаңарып, бәсекеге қабілеті артып келеді. Құрылғылардың дені Ресейден әкелінген. Бұл жерде жұмысшылардың 30 проценті – қыз-келіншектер. Технолог, инженерлік-техникалық құрам, кранның барлығын игеріп отыр. Жұмыстары өте тиянақты. Ерлермен тең дәрежеде иық тірестіріп, еңбек етуде. Ішкі нарықты толық қамтып отырған зауыт аймақтағы ірі, қуатты «Интегрострой», «Промстройсервис-Е», «Аман-құрылыс», «Асар», «Келешек» серіктестіктері, «ЕрАру» ЖК секілді 34 тапсырыс беруші мекемемен тығыз байланыста. Кәсіпорын алдағы уақытта да өнімділікті арттыруда белсенді еңбек ете береді», – дейді зауыт директоры Азамат Мұханов.
23 ақпан 2023 ж. 247 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930