Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам жаңғыруының негізгі өзегі – тиімді жүргізілген саяси реформалар

Қоғам жаңғыруының негізгі өзегі – тиімді жүргізілген саяси реформалар

Бүгін Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық жоғары колледжінің оқытушыларымен, студенттермен кездесті.
Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің орыс тілі және әдебиетінің аға оқытушысы, Филология ғылымдарының магистірі, облыстық қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық - түсіндіру тобының мүшесі – Талғат Телеубаев, «Ассамблея жастары» жастар ұйымының жетекшісі – Елизавета Есмаева қатысты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары тұрақты түрде саяси үдерістің бәсекелігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған түрлі бастама ұсынып келеді. Оның көпшілігі қазірдің өзінде табысты іске асырылуда. Саяси реформалар аясында біршама заң қабылданды. Қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделген құжат мемлекеттік маңызды міндеттерді қамтиды. Оның ауқымы кең, жан-жақты әрі нақты. Қазақстандағы демократиялық реформалар мен қоғамдық келісім тұжырымдамасы диалогсыз орын алмайтыны белгілі. Мемлекет басшысы бұл бағытта осы уақытқа дейін жүзеге асырылып келе жатқан шараларға тоқталып, саяси реформаларды жалғастыруды өзінің «принциптік позициясы» екенін жеткізді. Еліміздегі саяси мәдениетті қалыптастыратын диалог алаңдарын одан әрі нығайту Қоғамдық сенім кеңесі секілді органдар жүйесі арқылы жалғасын табатынына сенім білдірген болатын. Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл үндеу – жаңа дәуірдегі мемлекет тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі. Саяси сындарлы диалог пен экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады», - деді «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қоғам жаңғыруының негізгі өзегі – тиімді жүргізілген саяси реформалар бойынша ой өрбітіп, болашақ жастардың, ел азаматтарының осы тұрғыда сұңғыла болып қалыптасуына көмектесетінін оқу орындарының білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, гуманитарлық білім бағытын техникалық бағытқа қарай бұру, сонымен қоса қазіргі таңда қоғамдық келісім

17 ақпан 2023 ж. 202 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 40

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 54

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031