Қызылорданың кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» жобасына маман іздейді

Міндеттері:
• «Мен кәсіпкер» құралының шеңберінде қызмет алушылардың қажеттіліктерін зерделеу және қажет көмекті анықтау;
• Кәсіпкер әйелдердің тәлімгерге қажеттілігін анықтау, Орталық аппаратқа өтінімді қалыптастырып жолдау;
• Орталыққа жүгінген қызмет алушыларға кеңес беру, ең өзекті мәселелерін және қажеттіліктерін анықтау және сұраныстарын қалыптастыру. Сұраныстарға сәйкес мәліметтер қорын жүргізу;
• Кәсіпкерлердің оқуға қажеттіліктерін анықтау, оқыту тақырыптары бойынша сұраныстарды жинақтау, оқытуға өтінімдерді қалыптастыру және Орталық аппаратқа жолдау;
• «Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асыруға атсалысу, Бренд-комитеттерінің жұмысына қатысу;
• Құжаттарды дайындау (ақпараттық мақалалар, анықтамалар және басқа құжаттар);
• Есептерді құрастыру және ұсыну;
• Қызметтерді сатып алуға атсалысу.
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:
• заңгерлік немесе экономикалық жоғары білімнің болуы;
• Кәсіпкерлікті қолдау және/немесе консультациялық қызметтер көрсету саласында және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

• Нормативтік құқықтық актілерді (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" ҚР Заңы және т. б.), сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
• Бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды білу;
• Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
• Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген, іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу;
• Дербес компьютермен толық жұмыс жасай білу, Internet, Microsoft Office – Word тәжірибелі пайдаланушысы; міндетті: сенімді Excel пайдаланушысы (Жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
• Facebook, Instagram, "WhatsApp Messenger", "Telegram Messenger" әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;
Іріктеуге қатысушылардың артықшылықтары: әйелдер қауымдастықтарында және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыруда жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік желілер маркетингінде (SMM) тәжірибенің болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
• жеке куәліктің көшірмесі;
• 2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша менеджер-кеңесшісі ретінде іріктеуге қатысуға өтінім;
• "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба" шеңберінде менеджер-кеңесшісін іріктеу тәртібіне 3-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ізденушінің сауалнамасы;
• еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек шарты және/немесе техникалық ерекшелігі бар өтеулі қызмет көрсету шарты;
• жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;

Өтінім нысанын, сауалнаманы және іріктеуге қатысу шарттарын (қаржылық емес қолдау шаралары туралы Ережеге сәйкес) Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының келесі мекен-жайы бойынша ақпарат алуға болады: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, №123, тел. 8 /7242/400981, қағаз жеткізгіште немесе электрондық пошта арқылы сұрау салу бойынша электрондық түрде n-finsupport.kzo@atameken.kz поштасына жіберуге болады,
ӨКП-дағы байланыс тұлғалары:
- Алушаева Асель Гайдуллаевна - кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы: 8 (7242) 400981,400202.
- Шоникова Салтанат Болатбековна - кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы: 8 (7242) 400981,400202.
Өтінімдер 2023 жылғы 22 ақпан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.