Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия мен Сириядағы зілзала: құрбандар саны 37 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы зілзала: құрбандар саны 37 мыңнан асты

Қираған үй, құлаған ғимараттардың көптігінен құтқарушылар үйінділерді аршып үлгере алмай жатыр.
Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен опат болғандар саны 37 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Зілзададан бері 8 тәулік өтті. Бастапқы күндері үйінді астынан аман табылушылар көп болса, қазір ілуде біреу. Қираған үй, құлаған ғимараттардың көптігінен құтқарушылар үйінділерді аршып үлгере алмай жатыр.
Гуманитарлық ұйымдардың бағалауы бойынша миллиондаған адам шұғыл көмекке мұқтаж. Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы мен Еуропарламенттің арнайы сессиясының тақырыбына айналды.
«Еуропа Түркия мен Сирия халықтарын қолдайтынын атап өткім келеді. Біздің азаматтық қорғау тетігіміз іске қосылды, көмек жеткізілуде және одан әрі де жалғасады», - деді Еуропарламент спикері Роберта Метвола.
Ресми мәлімет бойынша, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында қалуы мүмкін.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елдің Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толықтай сүрілетін болды. Жергілікті билік орың орнына жаңа қала салмақ.
Сарапшылардың болжамынша, Түркия экономикасына зілзала салдарынан келген шығын көлемі 84 млрд доллардан асып жығылады.
14 ақпан 2023 ж. 531 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 122

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031