Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз Бандер Аббас портын пайдалануы мүмкін

Еліміз Бандер Аббас портын пайдалануы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Abu Dhabi Ports компаниясының өкілдерімен кездесіп, онда көлік-логистикасы және халықаралық көлік маршруттарын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды baq.kz.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екіжақты кездесуде Abu Dhabi Ports компаниясының Semurg Invest компаниясымен бірлесіп, «Саржа» көпфункционалды терминалын салуға қатысуы және қазақстандық тарапқа Simatech компаниясының Бандер Аббас портындағы терминалдық қуат көздерін беру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарта отыра «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарлар мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық жүйесін Abu Dhabi Ports-тың логистикалық платформасымен интеграциялау жолдары қарастырылды.
Бұл орайда көлік саласында Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Иран және Қазақстан сынды елдер кіретін «Жасыл дәліз» (Green line) жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін айта кетейік.
Аталған келісім жобасын дайындау мақсатында тараптар таяуда (ақпан айының 20-сынан кейін) бұған байланысы бар ҚР мемлекеттік органдарының қатысуымен Zoom форматы арқылы кездесуді жоспарлап отыр.
Іскерлік кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жемісті әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
14 ақпан 2023 ж. 368 0

Қазақстанда күн жылынады

18 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031