Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық процестік кодекске Әділдік қағидаты енгізілмек

Азаматтық процестік кодекске Әділдік қағидаты енгізілмек

Сот процесіне қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттері тең дәрежеде сақталса, онда сот шешімі әділ деп танылады. Бұл туралы Парламенттің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында жазылған, деп хабарлайды inform.kz.
Депутаттар талқылауына түскен құжатта ҚР Азаматтық процестік кодексіне жаңа 6-1-бабын (Әділдік қағидаты) енгізу ұсынылған.
«Егер істі қарау және шешу кезінде сот отырысы барысында белгіленген барлық мән-жайларды ескере отырып, іске қатысатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін оған шамалас және тең бөлу шарттары сақталса, сот шешімі әділ деп танылады», - делінген жаңа редакцияда.
Құжатқа қосымша берліген түсіндірмеде аталған өзгеріс судьяларға әділдік пен парасаттылық қағидатына сүйеніп, шешім шығаруға бағытталғаны жазылған.
«ҚР Азаматтық процестік кодексі 17 қағидатты қамтиды. Олар соттың заңды шешім қабылдауын қамтамасыз етеді. Бірақ құқық нормалары мүмкін жағдайлар мен өмірлік жағдайлардың алуан түрлілігін ескере алмайды. Кейбір жағдайларда заң тікелей ұйғарымға ие, ал басқаларында сотқа өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қалай болғанда да, соттың әрбір қатысушысы соттың істің барлық нюанстарын түсінетініне және тек заңды ғана емес, сонымен бірге әділ шешім шығаратынына сенімді болуы тиіс. Судьяларға, егер шешім заңға негізделген болса және оның шегінен шықпаса шешім қабылдау кезінде «әділдік пен парасаттылық қағидатына» сүйенуге ештеңе кедергі болмауы тиіс», - деп түсініктеме берілген жаңа бапқа.
13 ақпан 2023 ж. 289 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930