Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ПЕШ АСТЫНАН КҮЛ АЛАТЫН КҮН АЛЫСТАЙДЫ

ПЕШ АСТЫНАН КҮЛ АЛАТЫН КҮН АЛЫСТАЙДЫ

Ауданнан 44 шақырым қашықтықта жатқан ауылда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі өтіп жатыр.  Өткен жылы тұрғындар тарапынан ауылға газ желісін жүргізу бойынша ұсыныс беру көтерілді. Сөйтсек, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Y. Түктібаев ауылдарына магистральді газ құбыры құрылысының ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған екен. Жоба құны – 3,8 миллиард теңгені құрайды. Яғни, алдағы уақытта ауыл халқы пеш астынан күл алатын күйбең тірліктен арылады.

ЧЕМПИОНДАР ШЫҚСА ТАҢҚАЛМАҢЫЗ
Бекарыстан би ауылының жастары белсенді. Оның ішінде спортқа бір емес, бірнеше табан жақын. Сондықтан ауыл жұртына спорт кешені қажет-ақ. Олай дейтінім, осы ауылдың аяқдопшылары қазір аудандық әуесқойлар футбол лигасында өнер көрсетіп жатыр. Өткен жылдың күміс жүлдегерлері үшін маңыздысы осы спортзал. Бұл мәселе де өткен жылы көтерілді.
Тұрғындар тарапынан айтылған ұсынысқа селсоқ қарамайтын аудан басшысы М. Оразбаев мұның да түйінін тарқатқан.
Нәтижесінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы спорт кешенінің құрылыс жобасы әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылған. 429,5 миллион теңге тұратын жоба ендігі рұқсатын күтіп тұрса керек. Мұны естіген ауыл аяқдопшылары енді спортпен шұғылдану үшін алыс-жақын ауылдарға сандалмайтынына қуанды.

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ ЖАҚСАРМАҚ
Былтыр ауыл тұрғыны Төребай Қожақов М.Ізмағамбетов көшесінің асфальтталмаған бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс тастаған.
Сәтін салып аталған көшенің 0.830 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге құны 60,0 миллион теңге болатын бюджеттік өтінім әзірленген. Демек, алдағы күні көше бойындағы тұрғындар үшін қиындық қашықтайды.

ШЛЮЗ ШАРШАТПАЙТЫН БОЛАДЫ
Бұдан соңғы мәселе – «Еңбекарық»бойындағы “Сәдір” шлюзін бекіту. Аудан әкімінің айтуынша, аталған каналдың бойындағы шлюз төменгі жақтан бекітілген.
Бұл өткен жылдағы көтерілген мәселе. Ал биылғы жылдың базынасын енді сөз ететін боламыз.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 ақпан 2023 ж. 457 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930