Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Синоптиктер 2023 жылғы 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлікдердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста кей уақыттарда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, желдің күшеюі болжанады. Тек, еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әлі де антициклон жотасы өз әсерін тигізіп жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады".
Республика бойынша тұман түседі.
Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз Маңғыстау облысының батысында, түнде Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С болады.