Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік алуға өтінім қабылдайтын платформа жуырда іске қосылады

Көлік алуға өтінім қабылдайтын платформа жуырда іске қосылады

Көлік алуға жеңілдікпен несие беретін бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдайтын платформа іске қосылады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әдидің айтуынша, платформа 6 ақпаннан бастап жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық режимде платформаны іске қосады.
Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.
Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы жинақталады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелу барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі.
Қазіргі кезде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да жинақталған қаражат сомасы 7,6 млрд теңгеге жетті. Осы орайда пилоттық платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелсе, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтайды.
Кейін аталған платформада өтінім қабылдау ай сайын жүргізіледі. 100-ден астам адамды тіркеуге мүмкіндік бар.
 
01 ақпан 2023 ж. 294 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031