Сыр өңірінде 157мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс жасауда партиямен бұрыннан жүзеге асырылып келе жатқан жобалармен қатар жаңа жобалардың іске қосылуы партияға түрлі әлеуметтік топтарды қамтып қана қоймай, қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізуде.
Соның ішінде тұрғындар үшін тиімді де өзекті жоба «Жер аманаты» жобасы болды. Аталған жоба аясында былтыр облыста аймақтық комиссияның жергілікті органдармен бірлескен жұмысы нәтижесінде 157 мың гектарды құрайтын заңдарды бұза отырып, жеке меншікке өткен немесе пайдаланылмай бос жатқан 256 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сонымен бірге аталған жұмыс партияның қоғамдық қабылдау бөліміне азаматтардан түскен өтініштер бойынша да жүргізілуде. Мысалы: былтыр Шиелі ауданының, Еңбекші ауылы тұрғындарынан түскен өтініш бойынша арнайы сот процесі жүргізілуде.
«Жер аманаты» жобасы бойынша биыл ең бірінші кезекте ауылдар маңындағы заңсыз жекеге өткен жайылымдық жерлерді ел игілігіне пайдалануға беру жұмыстары қамтамасыз етілетін болады. Биылғы жоспар – 200 мың гектар.
Айта кетейік, елімізде бас-аяғы 5,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған болса, оның 3 млн гектардан астамы республикалық және аймақтық комиссиялардың араласуымен жүзеге асты.
Жуырда республикалық комиссияның бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды. Аталған сервис мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізуге, оның қайда орналасқанын, контурын анықтауға, сондай-ақ ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефонына хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.
«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.
#AMANAT