Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заманауи құрылғының көмегі көп

Заманауи құрылғының көмегі көп

Қазалы ауданаралық ауруханасының денсаулық сақтау саласында жеткен жетістігі жетерлік. Халықтың аурушаңдығын азайтып, ауыр дертті дер кезінде дөп басып табуда заманауи жабдықтардың көмегі зор екенін жақсы біледі. Сондықтан қазалылықтарды соңғы үлгідегі жабдықтармен емдеуді қолға алған.
Қазір аурухана құрылымындағы бірқатар құрылғы қатары тағы да жаңа дүниемен толыққан. Атап айтқанда, ауыз қуысының ақаулары мен тіс ауруларының салдарын тексеретін Оңтүстік Кореяның «Vatech» компаниясының рентгендік сандық панорамалық аппаратына қол жеткізді.
– Оңтүстік Кореяның «Vatech» компаниясы тоқсаныншы жылдардан бері жұмыс істейді. Компания өзінің озық технологияларын енгізуге, пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасауға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуға бағытталған. «Vatech» клиенттері өздерінің барлық тілектері ескерілетініне сенімді бола алады. Себебі бұл Vatech-тің теңдесі жоқ қызметінің құпиясы. Рентген диагностикасы бойынша «Vatech» Кореядағы №1 компания. Біз тапсырыс берген рентгендік сандық панорамалық аппараты – адам денсаулығына қамқорлық жасай отырып, инновациялық технологиялық ноу-хауды қолданады. Олардың әзірлеген жабдығы стоматологиядағы дәстүрлі рентгендік диагностика үшін қарапайым және қолжетімді шешім. Эргономикалық дизайн, сенімділік және пайдаланылуы оңай, түсірген суреттердің сапасына теңде жоқ.
Құрылғының ерекшеліктері мол. Тіс түбірінде асқыну мен салқын тию әсерінен ісіну болса, тіске тіс кедергі жасағанда дәрігердің нұсқауымен аппарат арқылы анықталады, – дейді лаборант Қайбар Шымберген.
Маманның айтуынша, құрылғыға түсіру қызметі ешқандай жас ерекшелігі мен денсаулық жағдайына қарамастан ақылы өткізіледі. «Vatech» компаниясының жабдықтары барлық заманауи талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
Осылайша алғашқы медико-санитарлық көмекті модернизациялау және басымдықпен дамыту мен медициналық оңалту жұмыстарын жандандыруда Қазалы ауданаралық ауруханасы бар күш-мүмкіндіктерін жұмсауда.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
07 қаңтар 2023 ж. 457 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930